Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Н.Ә.Назарбаев – өзіндік даму жолын қалыптастырған мемлекет қайраткері – О. Савченко

Н.Ә.Назарбаев – саяси еңбек жолында елдің өзіндік даму жолын қалыптастырған санаулы мемлекет қайраткерлерінің бірі, деп мәлімдеді РФ Федералды жиын Мемлекеттік Думасының депутаты, Қазақстанмен әріптестік тобының жетекшісі Олег Савченко «ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан парламентаризмін дамытудағы рөлі» атты халықаралық конференциянда, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.
Астана қаласы26 Қараша , 16:20

«Әдетте адамның тарихи істерін бағалауға 100 жылдай уақыт қажет етіледі дейді, алайда бүгін біз осындай мемлекет қайраткерінің еңбегін бағалап қана қоймай, оның Қазақстан мен Ресейдің болашағына әсерін тигізетін тарихи шешімдеріне өзіндік үлесімізді де қосып қалуымызға мүмкіндік келіп отыр. Заманды саралай отырып, мен Қазақстан секілді керемет елге жасаған әр сапарымда, Астана секілді әсем қалаға келген сайын бүгінде бағындырылуы мүмкін емес белес пен орындалмайтын арманның жоқ екеніне көз жеткіземін», - деген Савченко.

Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің арқасында елде өміршеңдігі мен қажеттілігін дәлелдей білген саяси және конституциялық институттар жұмыс істеуде. Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы қолға алынуда. Бағдарламаның аз ғана уақыттық тарихына қарамастан елдің саяси және экономикалық ұстанымдарына қазіргі таңда бүкіл әлем елдері қарап, бой түзеп отыр. Соның ішінде, әрине, Ресей де бар. Мәне, нағыз стратегия осы.

«Н.Ә.Назарбаев – саяси еңбек жолында елдің өзіндік даму жолын қалыптастырған санаулы мемлекет қайраткерлерінің бірі. Оның тәжірибесінде мемлект құрудың айқын формуласы, тиімді экономика мен ұлттық келісім негізіндегі демократия, бірлік пен тұрақтылық қалыптасқан», - деді ресейлік депутат.

Савченконың сөзінше, аталмыш бесаспап әдіс қазіргі жаһандық дағдарыс кезінде үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі күні әлемде ауқымды қауіп-қатерлер бой көрсетуде. Бұл өз кезегінде бейбітшілікті, біріккен іс-қимылды талап етеді.

 




Яндекс.Метрика