Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қазақстан – Орталық Азия өңiрiндегi тұрақтылық зәкiрi боп табылады - Германия депутаты

Қазақстан – Орталық Азия өңiрiндегi тұрақтылық зәкiрi боп табылады. Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қазақстандағы парламентаризмді дамытудағы рөлі» атты халықаралық конференцияда Германия Федеративтiк Республикасы Бундестагының депутаты Штренц Карин мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Астана қаласы26 Қараша , 15:50

 «Қазақстан өз тәжiрибесiнде қол жеткiзген жетiстiктерге әлемнiң еш жерiнде балама жоқ. Қазақстан қазiр өте қарқынды дамып келедi және бұған үлкен құрметпен қарау керек. Сонымен қатар, елде инновациялық даму белсендi түрде iске асырылып келедi. Мұнда құны 64 млрд доллар болатын 600 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесiнде құрылатын 400 мың жұмыс орны тек Астана мен Алматы сынды iрi қалаларға ғана емес, өзге өңiрдерге де қатысты болмақ», - дедi немiс депутаты.

Ол Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi әлемдiк 50 экономиканың қатарына кiруiн жиi айту керек екенiн мәлiмдедi.

«Қазiргi таңда Қазақстан бәсекеге қабiлеттi әлемдiк 50 экономиканың қатарына кiрiп отыр. Дәл осы фактiнi әркез ауызға алып отыру керек. Ол – әлемдiк аренада сенiмге ие болған мемлекет. Қазақстан Орталық Азия өңiрiндегi тұрақтылықтың зәкiрi боп табылады. Бұл сiздердiң арқаларыңызда. Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және елден әскердi шығару iсiнде де Қазақстанның атқарар рөлi үлкен», - дедi ол.

 

 




Яндекс.Метрика