Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ҚР Үкіметінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің үшінші отырысы өтті

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның Директорлар кеңесінің кезекті үшінші отырысы өтті, деп Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 15:20

«Директорлар кеңесі Холдингтің 2014 жылға арналған бюджетін бекітіп, холдингтің Басқарма мүшелері қызметтерінің басты көрсеткіштерін анықтады», - делінген хабарламада.

Нақты айтқанда, «Бәйтерек» ҰБХ» Басқармасының қызметі еншілес ұйымдардың табыстылығын, тартымдылығын және тиімділігін арттыру, инвестицияларды қайтару, холдингтің және еншілес компаниялардың қызметіне клиенттер мен серіктестер тарапынан қанағаттану деңгейі бойынша бағаланады.

Қызметтің тиімділігі көрсеткіштерін бекіту ҚР Үкіметінің Холдинг алдына қойған міндеттерді Холдингтің басқарушы қызметкерлерінің орындауға үлесін әділ бағалауға мүмкіндік береді.

«Бәйтерек» холдингінің басшысы Қуандық Бішімбаев сондай-ақ "Қолжетімді тұрғын үй-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның басшы қызметкерлері алған пәтерлерді қайтару бойынша Президент тапсырмаларын орындау және оларды кезекте тұрғандар арасында үлестіру туралы баяндады.

«Қайтарылуы тиіс тоғыз пәтердің ішінен жетеуінің иесі өз еркімен беруге ниет білдірді. Алтауы пәтерді қайтару туралы келісімге қол қойды. Екі пәтер бойынша мәселе сот тәртібімен шешілетін болады», - деді «Бәйтерек» Холдингінің басшысы.

 

 




Яндекс.Метрика