Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Сыртқы істер министрі желтоқсанның басында болатын Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты оқиғаларды атады

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ведомства құрамы жетекшілерімен өткен жиында Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты оқиғаларды атап берді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Қараша , 15:34

«Сонымен, 27-28 қарашада БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі – Ауғанстан қозғалысы миссиясының басшысы Ян Кубиш Астанаға келмек. Онда ауған елінің жағдайын тұрақтандыруға халықаралық ықпалдың алдағы уақыттағы мәселелеріне қатысты сұрақтар қаралып, соның ішінде 2014 жылы шет елдік әскери қатысуды шектеу жайы да талқыланбақ», - делінген хабарламада.

27-28 қарашада Санкт-Петербургте ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының кезекті сессиясы өтеді. Ал 29 қарашада Достастық үйінде «Қазіргі замандағы ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану мен таратпаудағы парламентарияның рөлі» атты халықаралық конференция өтеді. Оны ұйымдастыратын ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҚР Парламент Мәжілісі. Конференция аясында «АТОМ» жобасының таныстырылымы өтеді».

Сонымен қатар 3-4 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Африка Республикасына ресми сапары бар. Онда жаңа сапалық деңгейде екіжақты кездесу жоспарланған. Бұл елде Мемлекет басшысы жоғарғы деңгейлі іскер ортамен кездесу ұйымдастырмақ.

Ал 5-6 желтоқсанда Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған Қазақстан делегаттары Еуропа ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының (ЕЫҚҰ) сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатыспақ. Бұл кездесуде «Хельсинки +40» процесін іске асыру қадамдары талқыланып, ұйымның түрлі саладағы қызметтері қаралмақ.

9-10 желтоқсанда Конакри қаласында (Гвинея) Ислам Әріптестігі Ұйымының сыртқы істер министрлерінің 40-сессиясы өтеді. Оған да ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатыспақ. 11 желтоқсанда сыртқы істер министрі Эфиопияға аттанбақ.

Ал 10-11 желтоқсанда ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов Корей Республикасына жол жүрмек.

 




Яндекс.Метрика