Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

«Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасының аясында ЕСЖ сауда биржасындағы құрылыс тауарларының саудалану көрсеткіші 862 млн. теңгеден асты

2012 жылы Еуразиялық сауда жүйесінде «Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасының аясындағы құрылыс тауарларының саудалану көлемі 862 млн. теңгеден асты, деп хабарлады тауарлы биржаның баспасөз қызметінен.
Казахстан24 Қаңтар , 00:00


"2012 жылы «Қолжетімді баспана» бағдарламасының аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының желісі бойынша іске асырылып жатқан жобалар үшін «Еуразиялық сауда жүйесі» тауарлы биржасында құрылыс тауарларының саудалану көрсеткіші 862 047 500 теңгені құрады", - делінген компания хабарламасында.
Атап көрсетілгендей,  бюджет қаржысын едәуір үнемдеу мақсатында 2012 жылдың 22 қазанында анонимді биржа аукционы режимінде голланд жүйесі бойынша (бағаны төмендету) ілкі сауда өтті. Лоттың бастапқы бағасы 1 млн. теңгені құрады, сауданың нәтижесінде сома 947,5 мың теңгеге (5,3%) дейін  арзандатылды.
29 желтоқсанда үш лот бойынша анонимді биржа аукционы өтіп, ондағы бастапқы бағалар 314,5 млн. теңгені, 379,5 млн, теңгені және 261,3 млн. теңгені құрады. Аукцион барысында мәлімелердің бағасы 291,3 млн. теңгеге (7,4%), 330 млн. теңгеге (13,1%) және 239,8 млн, теңгеге (8,2 %) дейін төмендеді.
Айта кету керек, анонимді биржа аукционы режимі сатып алу процесін оңтайландырып қана қоймайды, сонымен бірге нарықтық баға түзуді және қатысушылардың тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 
 




Яндекс.Метрика