Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2020 жылы Ақтау кемежайының өткізу қабілеттілігі 20,5 млн тоннаға жетеді- ККМ

Қазақстанда Ақтау кемежайының өткізу қабілеттілігі 16,8 млн тоннадан 20,5 млн тоннаға дейін өседі.Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 13:52

«Бағдарлама шеңберінде су көлігі инфрақұрылымын 2020 жылға дейін әрі қарай дамыту  жоспарланғанын белгілеген жөн. Атап айтқанда, кемежайдың өткізу қабілетін кеңейту жөніндегі жоба іске асырылуда. Оның шеңберінде 3 құрғақ жүк терминалын салу қарастырылған. Нәтижесінде Ақтау кемежайының өткізу қабілеттілігі 16,8 млн тоннадан 20,5 млн тоннаға дейін өседі», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік бағдарламаның жобасы бойынша 2020 жылға дейін 30 мың км автожолды, 8202 км теміржол желісін жөндеу, 100 % теміржол вокзалдарын күрделі жөндеуден өткізу және сонымен қатар республикалық көлік инфрақұрылымының дамуына бағытталған басқа да шараларды өткізу жоспарланған.

Атап айтқанда, автомобиль жолдары торабының дамуына келсек, 2020 жылға қарай жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында республикалық маңызы бар 4,5 мың км жолдар бірінші техникалық категорияға көшіріледі. Осылайша жақсы және қанағатты күйдегі республикалық маңызы бар жолдар 89 % құрайды. Олардың құрамында «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс» және «Орталық-Батыс» бағыттары бойынша жолдар, және де «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі.

Бағдарламада жолдарды жөндеу және құрастырумен қатар жол бойындағы қызмет көрсету мен жолаушылар тасымалының дамуына көңіл бөлінген. Осылайша, 2020 жылға дейін 260 жол бойында қызмет көрсету объектілерін салу жоспарланған (31 республикалық бюджет есебінен, қалғандары – жеке инвестициялар). Ал автомобиль көліктерінде жолаушылар тасымалының инфрақұрылымын дамыту үшін аймақтарда 9 автовокзал, 45 авто бекеттері , 155 жолаушыларға қызмет көрсету пунктілері және 1048 такси аялдамалары (барлығы 1 138) салынады.

«Сонымен бірге бағдарламамен автобус бағдарлар санын арттыру бойынша шаралар қарастырылған. Қазіргі уақытта тұрақты автобус бағдарларының жұмысымен 100-ден артық тұрғыны бар елдімекеннің 75 % қамтылған. 2020 жылға дейін 300 қосымша бағдарларды ашу арқылы 100 % қамтуды қамсыздандыру жоспарланған. Одан басқа, барлық автовокзалдар мен автобекеттерді  ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестендіру жоспарланған», - деді Асқар Жұмағалиев.

А.Жұмағалиев автомобиль жолдарын, темір жол саласын, су көлігін, азаматтық авиацияны, ішкі және сыртқы терминалдық желіні дамыту, жол жанындағы қызмет көрсетуді, жолаушылар тасымалдау жүйесін жетілдіру жоспарлары туралы мәлімдеп, Бағдарламаның экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне тоқталды. Олардың ішінде, министр 30 мың км және 8 202 км сәйкес ұзындықтағы автомобиль және теміржол жолдарын жөндеу және жөндеу жұмыстарын; транзиттік жүктерді 2 есеге, жүк айналымын 1,6 есеге және жолаушы айналымын 1,5 есеге арттыруды атады. Сондай-ақ, барлық автостанциялар мен темір жол вокзалдары жетілдіріледі. 

Бағдарлама жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленгенін белгілеген жөн. Және де ол тарихта Қазақстанның көлік инфрақұрылымының дамуының және дүниежүзілік көлік жүйесіне интеграциялануының ең ірі масштабты жоспары болып табылады. Жобаның әзірленуі Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүргізілді, және де ол барлық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ассоциациялармен келісілген.




Яндекс.Метрика