Жаңа қазақстандық патриотизм

Н. Нығматулин: Тұңғыш Президент күні - бүкіл қоғамның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасында бірігуінің айғағы

Президент күні қарсаңында Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмді дамытудағы рөлі» халықаралық конференциясы өтуде,деп палата аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 13:15

«Оған Қазақстан Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары сондай-ақ танымал парламентшілер, Венгриядан, Германиядан, Қырғызстаннан, Ресейден және Түркиядан сарапшылар мен ғалымдар, мемлекеттік орган жетекшілері, дипломатиялық корпус өкілдері қатысуда», -делінген хабарламада.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин өз сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өз отандастары үшін мемлекеттің үдемелі дамуының сенімді кепіліне айналғанын атап өтті. Одан әрі: -Біздің егемен еліміздің әрбір жетістіктері, әрбір жеңістері ең алдымен, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Себебі, Елбасымыздың батыл қадамдары мен ерен ерліктерінің арқасында Қазақстанымыз барлық қиындықты жеңіп, бүкіл әлем таныған абыройлы мемлекетке айналды, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы Елбасының идеялары мен мақсаттарының қазақстандық өмір салтының негізін қалап, барлық қазақстандықтар үшін жалпыұлттық құндылықтарға айналғанын сөз етті.

«Сондықтан да тұңғыш Президент күні барша қазақстандықтарды Елбасының қасына біріктіретін тағы бір бүкіл халықтық мәртебелі мереке болып табылады»,- деп атап өтті  Нұрлан Нығматулин.




Яндекс.Метрика