Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

Бизнес-форумда Қазақстан делегаты швейцариялық 30 кәсіпкермен кездесу өткізді

Қазақстан-швейцариялық бизнес-форумы барысында қазақстандық делегаттар Швейцарияның 30 ірі кәсіпкерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР сауда өндірістік палатасының баспасөз қызметі.
Әлемде26 Қараша , 12:16

 «Бизнес-форумға қатысушылар ынтымақтастық келісімін қарастырады. Олар аграрлық, өндірістік, фармацевтикалық, инфрақұрылымдық, жол техникасы, мұнай саласы бойынша қарастырылады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, форумда Астанада «ЭКСПО-2017» өткізу туралы келіссөздер өтетін болады.

Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпкерлер екіжақты келіссөз барысында швейцариялық тарапқа өздерінің өнімділік қызметтерін таныстырады.

Қазақстандық делегат АВВ технологиялық концернін тамашалайды. Сондай-ақ, Штадлер Рейл АГ қозғалмалы өндірісі мен Rieter Maschinenfabrik AG фабрикасы, Leica Geosystems кәсіпорындары да назарға алынатын болады.

Форум ұйымдастырушылары: ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Сауда-өндірістік палатасы.

Айта кетейік, 2012 жылы Швейцария Қазақстанның сегізінші сауда әріптесі болды. ҚР Агенттігінің мәліметінше, 2013 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда айналымының құны 3,051 млн долларды құраған.

 

 




Яндекс.Метрика