Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Щучинскідегі Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қалашығы үздік деп таңдалды

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің өңірлік қолбасшылықтары, әскер тектері және гарнизондары арасында өткен «Үздік әскери қалашық» байқау-конкурсының қорытындысын шығарды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола26 Қараша , 12:08

«Қорғаныс министрлігінің байқау комиссиясы тұрғын үй және қызметтік қорлардың жай-күйін, сондай-ақ әскери қалашықтардың іргелес аумағын көркейтуді тексерді», - делінген хабарламада.  

Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы қабылдайтын шаралардың нәтижесінде әскери қызметшілердің тұру және тұрмыс жағдайларының жақсаруына қол жеткізгенін атап өткен жөн.

Байқау-конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қалашығы жеңіп алды (Щучинск қ.). Екінші орынды «Отар» әскери базасы еншілесе, үшінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөліміне бұйырды. 




Яндекс.Метрика