Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2017 жылға дейін ҚР-дағы барлық темір жол вокзалдары күрделі жөндеуден өткізіледі – А.Жұмағалиев

2017 жылға дейін ҚР-дағы барлық темір жол вокзалдары күрделі жөндеуден өткізіледі, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасның Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.
Астана қаласы26 Қараша , 11:48

«Локомотивтер мен жолаушылар және жүк вагондарын сатып алатын жылжымалы паркты жаңарту жұмыстары жоспарлануда. Сонымен қатар 2017 жылға дейін еліміздегі барлық темір жол вокзалдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталатын болады»,- дейді министр.

Оның айтуынша, темір жол саласында алдағы уақытта бірнеше жобалар қолға алынбақ.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен орындалатын басты жоба – «Бейнеу-Жезқазған» мен «Арқалық-Шұбаркөл». Қазіргі таңда аталмыш темір жолы торабы дайындалып жатыр. Келер жылы осы бағыт бойынша темір жол байланысы іске қосылады деп күтілуде», - деп толықтырды Жұмағалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Көлік және коммуникация министрі Үкіметте 2020 жылға дейінгі ҚР-ның транспортты дамыту бойынша мемлекттік бағдарламасының жобасын таныстырды. Жоба Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен дайындалған. Және бұл жоба елімізде бұрын-соңды қолға алынбаған транспорттық инфрақұрылым саласындағы теңдессіз ірі жоба болып табылады. Бұл өз кезегінде әлемдік интеграцияға да өз әмерін тигізбек. Жобаны дайындау Дүниежүзілік банктың қолдауымен іске асырылды. Қазірде жоба қызығушылық танытқан мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар және қауымдастықтар тарапынан мақұлданып отыр.




Яндекс.Метрика