Сыртқы саясат

ҚР Президенті БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілін тағайындады

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы ҚР Тұрақты өкілін тағайындады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 11:31

«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика