Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Қызылордада жас кәсіпкерлердің көрмесі өтті

Қызылордада жас кәсіпкерлердің көрмесі өтті, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.
Қызылорда26 Қараша , 11:20

«Көрме жобаға қатысушыларды оқыту қорытындысы бойынша ұйымдастырылды. Олардан басқа шараға кәсіпкерлер, облыс мәслихатының депутаттары, үкіметтік емес жастар ұйымының өкілдері, екінші деңгейлі банк қызметкерлері қатысты. Мақсатымыз – болашағы айқын жобалар мен идеяларды анықтау. Көрме қорытындысы бойынша Райымбай Аңсаған, Қанатбек Сейітова, Перизат Жақсылықова мен Мәуе Сейдалиеваның жобалары үздік деп танылды», - дейді ақпарат агенттігіне берген сұхбатында «Даму» қорының өңірлік филиалының менеджері Анар Қожаниязова.

«Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы биылғы жылдың қыркүйек айында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолға алынған еді. Жобаның мақсаты – жас кәсіпкерлерді қолдау мен көмек көрсету, жастардың қаржыландыру көздеріне жеткізу. Жобаның іске асырылған уақытында облыстың 120-дан астам тұрғыны кәсіпкерлікті бастау бойынша білімдерін жетілдірді», - дейді Анар Қожаниязова.

 




Яндекс.Метрика