Инфрақұрылымды дамыту

ТМРА жылу жүйелерін жаңғырту бойынша кешенді жоспар құруды ұсынуда

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекшісі жылу жүйелерін жаңғырту бойынша кешенді жоспар құруды ұсынуда, деп агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан26 Қараша , 11:22

«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов Өскемен қаласына барды.Жұмыс сапары барысында ол Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен кездесті және «Ел экономикасындағы табиғи монополиялардың рөлі» тақырыбында баяндама жасады», - делінген хабарламада. 

ТМРА басшысының төрағалығымен тарифтік саясатты жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған облыс әкімдігінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, кәсіпкерлердің өңірлік палаталары, табиғи монополия субъектілері өкілдері және Сараптамалық кеңес мүшелері қатысты .

М.М. Оспанов тарифтерді бекітудің барлық деңгейлерінде, оның ішінде тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша есептерді қарау кезінде қоғамдық мониторинг жүйесін енгізу маңыздылығын ерекше атап өтті

ТМРА-ның бұл бастамасын кеңеске қатысушылар қолдады, олар өз кезегінде жылу желілерін жаңғырту жөніндегі жоспарға бірқатар ұсыныстар енгізді. 




Яндекс.Метрика