Үкімет

Үкiмет көлiк жүйесi инфрақұрылымын дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын қабылдады

Бүгiн үкiмет отырысы барысында министрлер кабинетi көлiк жүйесiнiң инфрақұрылымын дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын қарастырып, қабылдады.
Астана қаласы26 Қараша , 11:08

«Бағдарламада келесi негiзгi бағыттар қарастырылған. Өңiрлерде жергiлiктi көлiк инфрақұрылымын дамыту, көлiк инфрақұрылымын халықаралық көлiк жүйесiне ықпалдасуын қамтамасыз ету, транзиттiк тасымалды 2020 жылға дейiн 2 есеге ұлғайту. Бағдарлама жобасын әзiрлеу дүниежүзiлiк банк сарапшыларының қолдауымен жүргiзiлдi. Көлiктiк инфрақұрылымды тиiмдi пайдалану, логистиканың даму деңгейiмен тығыз байланысты»,- дедi өз баяндамасында Көлiк және коммуникация министрi Асқар Жұмағалиев.

Бұл мемлекеттiк бағдарлама 30 мың шақырымға жуық автокөлiк жолын салып, қайта құруға, 8202 темiржол желiсiн жөндеуге жағдай жасап, темiржол, автовокзолдар мен стансалар 100% халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн болады.

«Облыс орталықтары, Астана, Алматы, Жесқазған қалаларының әуежайлары 100% талаптарға сәйкес келетiн болады, жүк айналымы мен жолаушыла тасымалының сәйкесiнше 1,6 және 1,5 есе артуына мүмкiндiк берiлмек. Мемлекет басшысының транзиттi 2 есе арттыру тапсырмасын бергенiн бiлесiздер, бұл бағдарлама арқылы транзиттi 35,7 млн тоннаға дейiн арттыруға болады», - деп толықтырды министр.

Оның айтуынша бағдарламаны ске асыру барысына 220 мың адам жұмылдырылмақ.

«Логистика индексiн 40-орынға дейiн жақсартуға болады. Бұл көрсеткiштi 2020 жылдан кейiн арттыру iлеспе бағдарламада қарастырылатын болады. Осылайша, Мемлекет басшысы алдымызға қойған 30 орынға болашақта қол жеткiзетiн боламыз. Аталмыш мемлекеттiк бағдарлама барлық мүдделi органдармен келiсiлген», - деп қосты министр.

 




Яндекс.Метрика