ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Астанада мемлекет және діни бірлестіктердің өзара әрекеттестігі бойынша конференция өтті

Кеше, 25 қарашада Астана қаласында ҚР ДІА «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ «Мемлекет және діни бірлестіктер: өзара әрекеттестіктің проблемалары және перспективалары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті, деп Дін істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 10:44

Аталмыш іс-шараға танымал сарапшылар, мемлекеттік органдардың, жоғарғы оқу орындарының, зерттеу орталықтарының, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Конференцияның мақсаты Қазақстандағы мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы қарым-қатынастардың көкейкесті тұстарын талқылау, сонымен қатар зайырлылық пен діншілдік арасындағы ұзақ мерзімдік тепе-теңдікті одан әрі сақтау мен дамытудың жолдарын қарастыру болды», - делінген хабарламада.

Конференция жұмысын Орталықтың директоры Г.Е. Шлымованың кіріспе сөзімен бастады. Ол өз сөзінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық моделін жетілдіруге бағытталған аталмыш іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Конференцияның жалпы отырысында Қазақстандағы діни бірлестіктер қызметі құқықтық негіздерінің жағдайы және даму келешегі қарастырылды. ДІА Конфессияаралық қатынастар департаментінің директоры Б.К. Күлекеевтің баяндамасында Қазақстандағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастың өткір мәселелері қарастырылуымен қоса, олардың даму перспективасы да берілді.  ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор А.Г. Косиченконың сөзінде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты тиімділігін арттыру үшін зайырлылық принципін нақтылау қажеттігіне баса назар аударылды.  

 «ҚР діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері: қазіргі жағдайы мен даму перспективасы» деген екінші секцияның жұмысына терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет етудің жалпымемлекеттік жүйесіндегі Қазақстан құқық қорғау органдарының рөлі, діни экстремизмнің алдын алудағы аймақтық Дін істері басқармасының жұмысы сияқты мәселелер арқау болды. Діни бірлестіктерді бір жүйеге салу мәселесі мен қазақстандық қоғамды модернизациялау процессіндегі рухани құндылықтардың рөлі де сөз етілді.

 




Яндекс.Метрика