Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан 2020 жылға қарай логистиканың тиімділігі индексі бойынша ДБ рейтингісінің 40-шы орнын иеленуге мүдделі

ҚР көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанға логистиканың тиімділігі индексі бойынша Дүниежүзілік банк рейтингісінде 40-шы орынға жетуге мүмкіндік береді, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев,деп Премьер-Министрдің ресми сайты Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалинвке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 10:30

«Министрлік Дүниежүзілік банкпен бірге Іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді, оларды жүзеге асыру Қазақстанға 2020 жылға қарай аталған рейтингте 40-шы орынға жетуге мүмкіндік береді», - деді А.Жұмағалиев.

Ведомство басшысы еске түсіргендей, 2012 жылдың қортындысы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктің аталған рейтингісінде 86 орынға ие. Оның айтуынша, Қазақстанның аталған көрсеткіш бойынша позициясын жақсарту үшін көлік инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ қазіргі нақты және нақты емес кедергілерді алып тастау бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажет.

А.Жұмағалиевтің айтуынша, Бағдарламаның міндеттерінің бірі логистикалық жүйені дамыту деңгейімен тығыз байланысты көлік инфрақұрылымын тиімді пайдалану және дамыту болып табылады.

Жалпы алғанда, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, Бағдарламаны жүзеге асыру 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдауды 2 есеге арттыруға, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне ықпалдастыруды қамтамасыз етіп, сондай-ақ өңірлерде жергілікті көлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика