Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

«БЖК-2020» аясында Павлодар зауытындағы қондырғылар жаңғыртылды

«Гофроыдыс зауыты» павлодарлық кәсіпкерлігінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қондырғылар жаңғыртылып, өндірістік цех пен қоймаларға жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар26 Қараша , 09:38

«Жобаның жалпы құны 205  млн теңгеден асады. Соның ішінде 145,9 млн теңге қарыға алынса, 59,1 млн теңгесі өз қаражаты», - делінген хабарламада.

Жоба аясында жаңа қондырғылар алынып, атап айтар болсақ, олардың ішінде жабыстыру машиналары, екі қабатты гофрокартон шығаратын аппарат, автоматты жабыстыру мен автоматты буып-түю қондырғысы бар.

Сонымен қатар, өндірістік және қойма нысандары 2,5 есеге дейін ұлғайды.

Айта кету керек, 2014 жылы кәсіпкерліктің басшылығы өндіріс көлемін 30-35 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика