Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Президенттің Жарлығымен әкімшілік мемқызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану ережесі өзгертілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды,деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қараша , 09:18

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат.): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:  Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерін, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандары мен қалалар аудандарының әкімдерін қоспағанда, тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген «А» корпусының қызметшілеріне қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) не оның тапсырмасы бойынша облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы қарайды.»

Толық мәтінді мына жерден оқи аласыздар.

 

 




Яндекс.Метрика