Жастарға үндеу

«Болашақ» акциясы аясында студенттерге әлеуметтік желілердегі кәсіпкерлік жайы түсіндірілді

Бүгін, 25 қараша ҚазҒЗУ студенттеріне «Болашақ дәрістері» акциясы шеңберінде әлеуметтік желілерде кәсіпкерлік, стартаптар және кәсіби нетворкинг туралы әңгімеленді. Спикер ретінде Momkin.kz кәсіби тұтынушылардың әлеуметтік желісінің негізін бірлесіп қалаушы Әділ Нұрғожин сөз сөйледі, деп «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы25 Қараша , 18:26

«Лекциялар форматы: спикердің академиялық лекциясы, оның жеке «жетістіктер тарихы» плюс «сұрақ-жауап» принципі бойынша диалог тұғырнамасы. Спикерлер ұстанатын негізгі идея –  студенттерді кәсіби қызметте үздік нәтижелерге қол жеткізуге тарту, олардың шығармашылық және оқу әлеуеттерін ашу. Үздік болашақшылар өз тәжірибесі арқылы өз ісінің кәсіби шебері болу туралы айтады және көрсетеді», - делінген хабарламада.  

«Болашак дәрістері» республикалық акциясы – бұл өз кәсібінің үздік өкілдері санатынан «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің, ірі компаниялардың топ-менеджерлерінің, әр түрлі салалардың жетекші басқарушыларының, «Болашақ» Қауымдастығы мүшелерінің қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін жасайтын лекциялары.  

 «Өз лекциямда мен өзін-өзі әр түрлі рекрутинг интернет-алаңдарында кәсіби шебер ретінде алға жылжыту құралы - кәсіби нетворкинг туралы айттым. Бүгінде өз HR брендін құра отырып жұмыс жасау – кәсіби жұмыс жасау жетістігінің кепілі екенін білудің маңызы зор. Әлеуметтік медиа саласын дербес бизнес жоба құруда да пайдалануға болады», - деді Әділ Нұрғожин.

«Әдетте, студенттердің белгілі адамдармен кездесулері «сәттілік оқиғалары» ретінде қоғамдық ұйымдармен ұйымдастырылады, бұл ынталандырудың жақсы әдісі, дегенмен олар уақытша әсер береді. Біздің жобаларымыз сапалы өзгерістерге және тұрақты нәтижелерге бағытталған, сол себепті «Болашақ» бағдарламасының табысқа жеткен түлектері академиялық лекцияларды таңдады, оларды қарапайым оқу аудиториясында ағымдағы сабақ кестесі шеңберінде, «лекторды алмастыру» секілді өткізеді, алайда негізгі оқытушы да бұл кезде өз студенттерімен бірге аудиторияда отырады.




Яндекс.Метрика