Арнайы бағдарлама еліміздің экспорттық және транзииттік әлеуетін дамытуда әлемдік транспорттық-логистикалық жүйеге енуге мүмкіндік береді

ҚР Үкіметі тарапынан 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының интеграциялық транспорттық жүйесі мен Мемлекеттік даму бағдараламасы жобасы дайындалды, сонымен қатар оның іске асырылуы Қазақстанға экспорттық және транзииттік әлеуетін дамытуда әлемдік транспорттық-логистикалық жүйеге енуге мүмкіндік береді. Алға қойылған міндеттемелердің орындалуы мен тиімді географиялық жағдай Қазақстанды болашақта күшті транзиттік-логистикалық хабқа айналуға мүмкіндік беріп, Еуразиялық кеңістікте транзитті мемлекет болуға жағдай жасамақ, деген пікір айтты ҚР көлік және коммуникация министрлігінің Транзитті саясат пен транспортты логистика департаментінің транспортты логистика басқармасының бастығы Ерлан Ержанов.
Астана қаласы25 Қараша , 18:11

 Өздеріңізге белгілі болғандай, 2011 жылы Мемлекет басшысы 2016 жылға дейін Қазақстанның сауд-саттық, логистикалық және іскерлік хабқа айналуын тапсырған еді. 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында да Қазақстан Республикасның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға қарай республиканың транзиттік әлеуетін 2 есеге, ал 2050 жылы 10 есеге дейін көтеру туралы міндеттеме қойды.

«Сарапшылардың бағалауынша, 2020 жылға қарай Азия мен Еуропа арасындағы сау-саттық 1,5 есеге артып, 1 трлн АҚШ долларына жетпек. Ал Қытай мен Еуропа арасындағы теңіз тасымалы170 млн тоннаны құрамақ. Еуропа мен Азия арасындағы көпмоделді тасымалды ескерсек, сол уақыттарға қарсы темір жол қатынасы, автожол, әуе тасымалы, теңіз жолы мен порттық және терминалды-қойма операторларының қажеттілігі артпақ», - дейді Ержанов.

Оның айтуынша, осы мақсаттарға орай аталмыш транспорттық активтерге сай «KTZ Express» көпмоделді логистикалық-транспорттық компаниясы құрылды.

«KTZ Express» «РЖД», Белорусь темір жолы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен біріге отырып, темір жолы, автожолы, әуе жолы, теңіз бен өзге де байланыс түрлеріне қатысты қызмет түрлерін кеңейтпек.

Үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін және әуе жолдарымен басқаруды жетілдіру үшін KTZ Express Swissport International и Zurich Airport-тің жаһандық әуежай провайдерлерімен келіссөздерді бастап кеткен», - деді Ержанов.

Бүгінгні таңда экспорттық және жүк тасымалы сараптамасы негізінде СЛО құрудың әлеутті қалалары мен өңірлерінің тізімсін шығару жұмыстары жасалды. Атап айтар болсақ, еліміздің ішінде олар: 10-Достық, Шымкент, Семей, Петропавл, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Павлодар, Олар, Қарағанды.

«Жүйенің басым бөлігі шет өңірлердегі транспорттық-логистикалық орталыққа топтастырылып, оның ішінде Қорғас пен Достық және Ақтау батыс порты импорт пен экспорт және транспорттық-логистикалық орталықта маңызды рөлге ие болмақ. 




Яндекс.Метрика