Жаңа қазақстандық патриотизм

160 жас әртіс ҚР Президент Күніне орай "Бақыт" қойылымын көрсетеді

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президентінің күні. Бұл күні елордада және барша Қазақстанда мерекелік іс-шаралар, концерттер, акциялар, әлеуметтік шаралар, байқаулар және т.б. ұйымдастырылады. Астанадағы басты іс-шаралардың бірі - «Бір ел, Бір тағдыр, Бір Елбасы» шарасы өтеді, деп Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 18:03

«Іс-шара барысында елордалық оқушылар арасындағы «Қазақстан 2050 оқушылар көзімен» байқауының 7 жеңімпазы мен Гран-при иегерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, келушілердің назарына 300 адамның қатысуымен кіріспе қойылым ұсынылады. Мереке күні балалар да тыс қалған жоқ, көрермендер Оқушылар сарайының, «Ренессанс» балет мектебінің және өскемендік «Флэш» тобының 160 шәкіртінің қатысуымен «Бақыт» қойылымын тамашалайды.

Мұнымен қоса, мерекелік концертте классикалық және халық музыкасы ойналып, 40 жас скрипкашы және Оқушылар сарайынан 40 домбырашы өз өнерлерін ортаға салады.




Яндекс.Метрика