Парламент

Астанада Мемлекет басшысының ҚР парламентаризмнің дамуындағы рөлі жайында халықаралық конференция өтеді

Ертең, 26 қараша Астанада Мемлекет басшысының ҚР парламентаризмнің дамуындағы рөлі жайында халықаралық конференция өтеді, деп ҚР Парламент Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 18:06

«ҚР Парламент Мәжілісі ҚР Президентінің Күніне орай «Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің дамуындағы рөлі» халықаралық конференциясын өткізеді», - делінген хабарламада.   

Форум жұмысына Парламент депутаттары, әйгілі парламентарии, Германия, Венгри, Қырғызстан, Ресей, Түркия елдерінің сарапшылары қатысады.

Диалог алаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің заң шығару органынының дамуына қосқан үлесі мен рөлі талқыланады.




Яндекс.Метрика