Білім беру әдістемелерін жаңғырту

Отандық саясаттанушылар қоғамдық қатынастардың қазақстандық моделін ғылыми негізделген базамен қамтамасыз ету керек – А.Бижанов

Еліміздің саясаттанушылық қауымдастығы қоғамдық қатынастардың қазақстандық моделін ары қарай жетілдіру үшін ғылыми негізделген базасын құру керек, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, саяси ғылымдарының докторы Ақан Бижанов Қазақстан саясаттанушылары Конгресінде, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Алматы қаласы25 Қараша , 17:45

«Осы орайда еліміздің саясаттанушылар қауымдастығы қоғамдық қатынастардың қазақстандық моделін ары қарай жетілдіру үшін ғылыми негізделген базасын құру керек. Менің ойымша аталмыш жұмыс ҚР Білім және ғылым министрлігінің философия және саясаттану институты, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеу институты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен өзге де ұқсас ғылыми мекемелердің саяси ұстанымдарына ыңғайластырылуы керек», - деді сенатор.

Оның айтуынша, ғалым-саясаттанушылар Мемлекет басшысы тапсырған 2050 жылға дейін әлемнің ең дамыған 30 елінің құрамына ену туралы тапсырмасын орындауда жаңа саяси бағытты мақсат ете отырып, аталмыш міндеттеменің жүзеге асуына ат салысуы керек.

Сонымен қатар, депутат отандық ғылымның, соның ішінде ілімнің саясаттану саласының дамуында тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық жетілдірулердің керектігіне баса мән берді.

«Білім беру жүйесін жаңғырту, сапалы кадрларды дайындап шығару, ғылыми зерттеулердің тиімділігіне қол жеткізу бойынша құқықтық негіз жетілдіріле береді», - деді жоғарғы палата өкілі.

Депутаттың айтуынша, заман талабына сай, республиканың дамсу стратегиясына негізделген теориялық-әдістемелік мәселелер күн тәртібіне қойылып отыр.




Яндекс.Метрика