Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Алматыда «Заманауи өнердегі ұлттық мәдениет бейнелері» атты республикалық семинары өтті

Кеше, 24 қарашада Алматыда «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің, әдебиетшілердің, мәдениеттанушылардың, кинотанушылардың және басқалардың қатысуымен «Заманауи өнердегі ұлттық мәдениет бейнелері» атты республикалық семинар болып өтті, деп «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы 25 Қараша, 17:40

Спикерлер ретінде «Болашақ» бағдарламасының шығармашылық мамандықтар бойынша түлектері: «Жаралы жандар театры» театрландырылған арт-жобасының тең құрылтайшылары, актрисалар Айгерім Ереханова мен Камила Лұқпанова, «Он и Она» кинолентасының режиссері Сәкен Жолдас, «BOLASHAKFILM» Эдуард Тәбішев қатысты.

«Бұл семинардың идеясы маған ұнады – барлық шығармашыл адамдарды жинау, тәжірибе алмасу, өздерінің идеяларын іс жүзінде көрсету, сол аудиторияда түсіру алаңын жасау. Өнер арқылы ұлттық байлықты көрсетуге келетін болсақ - мен осымен айналысамын, «Он и Она» фильмінде басты кейіпкер сценарий жазады, онда тарихқа кеңінен енеді, біз осы образды фильмге енгіздік, бұл тарихтың маңыздылығын, ұлттық байлықты, тұтастай алғанда патриотизмді көрсету болатын», - деп бөлісті өз ойымен режиссер, Остиндағы Техас университетінің түлегі Сәкен Жолдас.

Семинардың мақсаты – жастарды мәдениеттің, дәстүрлердің, ғылым мен техника өрлеуінің ерекшелігіне негізделген арт-индустриядағы, әдебиет, бейнелеу өнері, музыка, театр және кинодағы ұлттық өнердің заманауи бағыттарымен таныстыру.

Семинар шеңберінде «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін фестиваль бағдарламасы өткізілді.





Яндекс.Метрика