ҚР ИИДМБ

Қостанайдағы металлопрокат зауыты қолданысқа беріледі

Құны 19 млрд теңге болатын Қостанайдағы металлопрокат зауыты 10 желтоқсанда қолданысқа өткізіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.
Қостанай25 Қараша , 17:35

«Қостанай прокат зауыты 2011 жылдың жазынан бері салынуда. Екі жарым жыл ішінде 20 гектар жерге жылына 450 мың тонна шағын сортты прокат шығаратын кәсіпкерлік тұрғызылды. Жобаның бастан-аяқ орындалуына жалпы құны 19 млрд теңге жұмсалды», - деп хабарлады агенттікке  «ЕуразКаспианБолат» ЖШС-нің атқарушы директоры Сергей Сотников.

Оның айтуынша, нысанды 10 желтоқсанға дейін тапсырмақ.

«Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары бойынша жылу өткізгішінің метал құрылысын монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, өткел крандарының монтажы, ішкі-сыртқы кәріз желілерінің төсемдері, техникалық қондырғылар мен су, электр және газбен қамту жұмыстары, арнайы құрылыстар мен жалпы құрылыс жұмыстары жүргізілуде», деп толықтырды С. Сотников.

«Асхананы қабылдау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Автотұрақ жөндеу жұмыстары аяқталды, аймақты абаттандыру жұмыстары жасалып жатыр. 5 желтоқсанда ұсақ-түек жұмыстар реттеледі», - деп қорытындылады директор.




Яндекс.Метрика