Инфрақұрылымды дамыту

Парламент Мәжілісінде тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасы таныстырылды

Бүгін,25 қараша Мәжілісте ҚР Өңірлік даму министрлігінің вице-министрі Серік Нокин «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын таныстырды, деп Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 17:25

«Заң жобасында құқық бұзушылықтар үшін ескерту жариялау көзделіп отыр. Кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы есеп беру мерзімін қайта бұзғаны үшін жеке тұлғаларға жетіден он айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, заңды тұлғаларға он бестен жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл белгілеу көзделіп отыр. Көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік істерді қарау жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекцияларына бекітіледі», - делінген хабарламада.  

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес меншік құқығында басқа елді мекендегі тұрғын үйі бар (немесе ипотекалық міндеттемелер бойынша) тұлғалар жұмыс орны бойынша қызметтік тұрғын үйлер алуға құқығы бар. 

Сонымен қатар, осындай адамдар қызметтік тұрғын үйлерін жекешелендіре алмайды, себебі, іс жүзінде жеке тұрғын үйін иеліктен шығару немесе кейін қолайлы тұрғын үй сатып алу арқылы өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндігі бар. 

Осыған байланысты, осы адамдар үшін тұрғын үйлерді жекешелендіруге шектеу енгізу көзделіп отыр. Бұдан басқа, азаматтар жекешелендіруге өтініш берген сәтке дейін соңғы бес жылдың ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйді иеліктен шығарған жағдайда, тұрғын үйді жекешелендіруге шектеу көзделіп отыр. 




Яндекс.Метрика