Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Денис Тен Австриядағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанушы Австрияның Грац қаласындағы «IceChallenge» жарысында қатарластарынан оза шауып, соңғы екі аптада осымен екінші рет халықаралық бәсекеде жеңіске жетті, деп хабарлайды спортшының бас демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 17:20

«Өзінің қысқа ғана бағдарламасын шебер түрде қателеспей орындап шыққан Денис Тен 261,38 ұпай жинап, бірінші орынға қол жеткізді. Ал одан кейін екінші орынға ие болған австриялық Виктория Пфайфер небары 198,41 ұпай жинап, қазақстандық саңлақтан 60 ұпайға кейін қалған. Ал үшінші орынды ресейлік Гордей Горшков 192,34 ұпаймен ұтып алды», - делінген хабарламада.

«Осы жарыстардағы менің міндетім барлық секірлуді таза орындап шығу болды. Осы мақсатыма қол жеткізгеніме қуаныштымын. Шеберлігім шыңдалып келе жатыр деп айта аламын, маусымның басты бәсекесіне де дайындық ойдағыдай жүріп жатыр. Соңғы екі аптада еліміздің байрағы Еуропа елдерінде екі мәрте желбіреді. Бұл мақтанарлық нәтиже. Мен өзімнің республикамды керемет мақтан тұтамын және жетістіктерімнің барлығы үшін алғысым шексіз», - дейді жеңімпаз.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы құрамына енеді. Бірер апта бұрын ол Италиядағы «Merano Cup» жарысында топ жарған еді.

Қазақстандық спортшының ендігі жарысы Италияда 10-15 желтоқсан арасында өтеді. Онда Денис Қысқы Универсиада ойындарына қатысады.




Яндекс.Метрика