Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

ТЖ министрі тау құтқарушыларын ведомстволық наградамен марапаттады

ҚР ТЖ министрі В.Божко жарақат алғандарды іздеу мен құтқару шараларында көрсеткен ерліктері үшін 14 құтқарушыға ведомстволық наградамен марапаттады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 17:12

«ҚР ТЖ министрі техногендік апаттардың көзін жою барысында жарақат алғандарды іздеу мен құтқару және сауатты инженерлік-техникалық шешім қабылдап, жедел құтқару қызметі шараларында көрсеткен ерліктері үшін құтқарушыларға ведомстволық награда – «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапаттады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қазанда «Жолымбет» кен орнындағы «Центральная» шахтасында апат болған еді. Алты сағат ішінде әскериленген кен құтқару қызметінің жүргізген жұмысы ішінде үйіндінің астында қалып қойған кенші Е.Рақыжановты аман алып шыққан еді.

«Кен құтқару жұмыстары кен өндірісі кезіндегі келеңсіздіктерді жоюға арналған. Құтқарушылар алты тәулік бойы өздерінің өмірлерімен тәуекел ете отырып апат орнын тазалап, зардаптың көзін жойды», - деп нақтыланған ведомство баспасөз хабарламасында.




Яндекс.Метрика