Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Қостанай облысында 8 жыл ішінде мемлекеттік тілде білім беретін 12 мектеп ашылды

Қостанай облысында 8 жыл ішінде мемлекеттік тілде білім беретін 12 мектеп ашылды, деп хабарлайды BNews.kz . Бұл туралы аппарат кеңесінде Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Жанболат Үмбетов мәлімдеді.
Қостанай25 Қараша , 16:30

«Облыс қалалары мен аудандарында мемлекеттік тілде білім беретін мектептер ашылуда. Бұрын ондай мектептер болмаған, соңғы жылдары халықтың көшіп келуіне және қазақ тіліне деген сұраныстың ұлғаюына байланысты қазақ тілді мектептер ашыла бастады. Қазақ тілді мектептер мен балабақшалар Рудный қаласында, Қашар ауылында, Денисов, Таранов, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Федоров аудандары мен басқа да аймақтарда ашылды. Соңғы сегіз жылда қазақ тілді 12 мектеп пайдалануға берілді», - деді ол.

Оның айтуынша, қазақ тілді мектептер үлесі 24,5%, ал сыныптар үлесі 36,6% құрады.

 




Яндекс.Метрика