ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қостанай облысында шамамен 12 мың адам қазақ тілі курсына барады

Өңір бойынша 11964 адам қазақ тілін, 593 адам ағылшын тілін үйренуде, деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қостанай25 Қараша , 14:00

«Өңір бойынша 11964 адам қазақ тілін, 593 адам ағылшын тілін үйренуде. Облыстық орталық базасында 11 топқа сегіз тіл оқытылады, атап айтар болсақ олар иврит, грек, уркаин, неміс, татар, армян, корей, поляк тілдері», - деп мәлімдейді Қостанай облыстық тілдерді дамытуы басқармасының бастығы Ж.Үмбетова.

Оның айтуынша, облыстық, қалалалық және аудандық мемлекеттік мекемелерге 156 мыңнан астам оқу құралы, тілдерді оқытудың электронды оқу құралдары мен кітаптар және сөздіктер берілген.

Айта кетерлігі, әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша, халықтың 58,8 пайызы қазақ тілін меңгерген. Соның ішінде 35,4 пайызы мемлекеттік тілді жетік меңгерген.




Яндекс.Метрика