Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Мыңға жуық жас жауынгер «Отар» 40-шы әскери базасының қызметіне кірісті

Қазақстан Қарулы Күштеріне күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. 995 жас жауынгер «Отар» 40-шы әскери базасында қызметтерін бастап отыр. Оқу орталығының басшылығы мен жеке құрамы әскерге шақырылған жастарды салтанатты түрде күтіп алды,деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан25 Қараша , 15:29

«Қазір бұл жастар бейімделу кезеңінен өтуде. Командирлер жас жауынгерлермен дене тәрбиесі дайындығын жетілдіру және атыс қаруларынан тәжірибе түріндегі атыстарды ұйымдастыру бойынша жиындар өткізіп, оларды психотесттен өткізуде», - делінген хабарламада.

2013 жылғы 14 желтоқсанда Оқу орталығына мерзімді қызметке шақырылған жас жауынгерлер салтанатты түрде Әскери ант қабылдайды. Одан соң сарбаздар оқтаушы-оператор, механик-жүргізуші және артиллерия әскерлерінің кіші маманы мамандықтары бойынша алты айлық курсты бастайды.

Оқудан соң кіші мамандар қызметін одан әрі өткеру үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жіберіледі. Мерзімді қызметтің жауынгерлері үшін алты айдан соң қалауы бойынша келісімшарт бойынша қызметке ауысға мүмкіндік бар.

 

 




Яндекс.Метрика