Евразиялық экономикалық кеңістік

ЕЭК мен АТМЭӘК (ЭСКАТО)Азия мен Тынық мұхиты елдері арасында сауда-саттықты жеңілдету мақсатында меморандумға қол қойды

22 қарашада Алматыда Еуразия экономикалық комиссиясы мен БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссиясы ЕЭК мен АТМЭӘК арасындағы өзара келісім туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Еуразия экономикалық комиссиясының баспасөз қызметі.
Казахстан25 Қараша , 15:07

«Меморандум Еуразия экономикалық комиссиясының халықаралық әріптестігін дамыту мақсатында дайындалды. Құжат сыртқы тұрақсыздыққа кезінде тәуекелді азайту жолында бағаның ауытқуы мен қаржылық тұрақсыздық жағдайында өңірлік әріптестік негізінде экономикалық және әлеуметтік дамуды жақсарту мақсатында екіжақты қарым-қатынасты жүзеге асыруға, кәіпкерлік қызметтерді қолдауға, сауда-саттықты жеңілдету, тауар мәліметтері мен статистикалық ақпараттарды үйлестіру, транспорт, кеден тасымалы және өзге де салаларды дамытуға бағытталған», - делінген хабарламада.

Меморандумда макроэкономикалық саясат, сауда-саттық, инвестиция мен кәсіпкерлікті, транспорт, энергетика, статистика мен өзге де салаларды қолдау бойынша екіжақты әріптестік бағыттары айқындалды.

«Көшбасшыларымыз жоспарлағандай, Еуразиялық экономикалық комиссия Еуропа мен Азия елдері арасында көпір қызметін атақарады. Біз сонымен қатар макроэкономика саясатынан бастап энергетикаға дейінгі барлық аспектілерде БҰҰ-ның техникалық көмектерде көшбасшылық рөлін мойындаймыз», - деп мәлімдеді ЕЭК өкілі Тимур Сүлейменов Меморандумңа қол қою барысында.

Айта кету керек, бұл ЕЭК-нің БҰҰ құрылымымен қол қойып отырған екінші Меморандумы болып табылады. Бұған дейін БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясы арасында Меморандумға қол қойылған еді.

«Орта Азияның, соның ішінде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасында өткел екенін ескерсек, өңіраралық жақындастықты тудыратын маңызды құжаттардың бірі, өңірдің географиялық орны Орта Азия елдерін барлық жаһандық мәселелерден тыс қалдыра алмайды», - деді АТМЭӘК атқарушы хатшысының орынбасары Шун-ичи Мурата.

Тараптардың әріптестігі ақпарат алмасу түрінде жүзеге асырылып, кеңес беру, семинар, конференция, форум, дөңгелек үстел мен өзге де шараларды, біріккен сараптамалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика