EXPO-2017

Астанада қазақстандық БАҚ-тың «MEDIA EXPO-2013» республикалық көрмесі өтеді

27-28 қарашада Астана қаласындағы «Басқарушы компания «Қазмедиа орталығы» ЖШС ғимаратында «MEDIA EXPO-2013» ҚР БАҚ II республикалық көрмесі өтеді, деп «Бас редакторлар клубы» қоғамдық ұйымы хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 15:11

«Астана қаласындағы «Басқарушы компания «Қазмедиа орталығы» ЖШС ғимаратында «MEDIA EXPO-2013» ҚР БАҚ II республикалық көрмесі өтеді .Көрме ресми түрде қараша айының 27-ші жұлдызында  ашылады», - делінген хабарламада.

Көрмені ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Іс-шараның басты мақсаты БАҚ жұмыстарын көрсету, ақпарат саласында салиқалы  бәсекелестікті дамыту, БАҚ пен дүйім жұртшылық арасында тығыз қарым-қатынас орнықтыру болып табылады.

Көрме сондай-ақ озық тәжірибелермен бөлісетін алаң және қазіргі заманғы қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелерін талқылайтын, жас журналистерге арналған шеберлік сыныптары мен әдістемелік семинар өткізетін таптырмас орын боларына күмән жоқ.  Көрмеге барлық республикалық және аймақтық ақпарат құралдары қатысады деп күтілуде. 

Іс-шараға сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы елшіліктердің қызметкерлері, ұлттық компаниялардың баспасөз хатшылары, халықаралық ұйымдар, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен шығармашылық өкілдері, журналистер шақырылып отыр. 




Яндекс.Метрика