Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Қазақстандық шахмат тарихында Әлем чемпионатындағы бірінші алтынды Павлодарлық иемденді

Хорваттың Опатия қаласында шахматтан 23-ші сеньорлар арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Оның жеңімпазы болып Павлодарлық Елена Анкудинова атанды. Бұл қазақстандық шахмат тарихындағы тұңғыш аотн, деп «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар25 Қараша , 14:50

«Павлодарлық шахматшы 9 ұпайдың 7 жинап жеңіске жетті. 2013 жылдың алтын алқасын иемденгені үшін Елена Ауданкиноваға халықаралық шахмат федерациясының кеңесінде «Әйелдер арасында халықаралық гроссмейтер атағын ұсынуы тиіс», - делінген хабарламада.

 Әйелдер арасындағы мәртебелі атаққа 9 елдің 25 қатысушысы таласты. ФИДЕ тәртіптеріне сәйкес, дүбірлі додаға қатысушылардың жасы 50-ден кіші болмауы керек. Сондықтан да, сайысқа тек 1963 жылы туылғандар қатысуға мүмкіндік алды.

Жетекші орынға грузиндік Т. Хмиадашвили и Н. Мелашвили шахматшылар, ресейлік Богумил, Хропова, Медникова, Титоренко шықты. Алайда, ақтық мәреге Елена Анкудинованың айтуы бойынша шықты, ол 6 айналым бойынша 5,5 ұпай жинаған. Бұл көрсеткішті ешкім бағындыра алмай, соңында ол оза шауып алтын алқаға ие болды.

Хабарланғандай, Елена Анкудинова 1962 жылы Павлодарда дүниеге келді. 70 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында елдің дес бермейтін шахматшыларының бірі болатын. Республикалық чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болып жүрді. 2004 жылы Испанияның Кальвия қаласында Қазақстанның намысын қорғады. Павлодарлық шахмат клубында тренер-методист болып қызмет істейді. 




Яндекс.Метрика