Жастарға үндеу

«Болашақ» бағдарламасы байқау талаптарын күшейтеді – Ғ.Нығметов

«Болашақ» бағдараламасы байқау талаптарын күшейтеді, деп мәлімдеді бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ғани Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 14:46

«Болашақ» бағдарламасының әкімшілігі ретінде біздің орталыққа бағдарламаны жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берілді: «Болашақ» бағдарламасы еліміздегі адам капиталының дамуында алдыңғы қатарлы жоба болып қала беру үшін қолға алынуы керек шараларды қарастыру тапсырылды. Осы орайда шынымен де, белгілі бір жұмыстардың атқарылуы керек екені байқалады. Бірінші кезекте санға емес, сапаға мән беру керек. Яғни, стипендиаттар мен талапкерлердің бауқауын барынша ашық жүргізіп, сонымен қатар талапты күшейту керек», - деді Нығметов.

Оның мәліметінше, қазіргі таңда елімізде бағдарлама 4 кезең бойынша іріктеледі. Бірінші кезеңде ағылшын немесе өзге де шет тіл білімі сыналады. Екінші кезеңде талапкердің қазақ тілін қаншалықты меңгергені байқалады. Үшінші кезең психологиялық тестілеу болса, төртінші кезеңде талапкер тәуелсіз сараптама комиссиясының алдында сұхбатқа шақырылады.

Осылардан өткеннен кейін талапкердің құжаттары шет елде кадр дайындау жөніндегі республикалық комиссияға жөнелтіледі.

«Осы байқау процедураларын біз барынша қиындатуға тырысамыз. Осы ұсынысты тастағалы отырмыз. Тілдік талаптар бойынша, біле білсеңіз, кейбір санаттар бойынша, мысалыға тәжірибеден өту секілді санаттарда тілдік талап әлсіз. Біз барлық санатта да талапкердің тілді барынша еркін меңгергенін қалаймыз. өзге де мәселелерге келер болсақ, магистрлық және докторлық бағдарламалардың да талаптарын күшейту керек деген ұсынысымыз бар. Бұл мемлекет үшін ғылыми-инновациялық кадр дайындау мәселесінде өте маңызды шара», - деді Нығметов.

Оның айтуынша, «Болашақ» халықаралық бағдарламасында басым бағыттағы мамандықтар мен ұсынылатын елдердің ЖОО тізімін тағы бір қайтара қарап шығу керек.

«Біз Ұлыбритания университеттері елдімізден барған студенттерге қойылар талапты төмендетіп тастайды деп жиі естиміз. Сол үшін аталмыш тізімді қайта қарап, тек сапалы білім беретін оқу орындарын ғана қалдырғымыз келеді. Осы тұрғыда елімізде бәсекеге қабілетті білім бере алатиын Назарбаев университетінің бар екенін де ескергеніміз жөн. Біз ұлттық зерттеу ЖОО-мен де бірігіп іс атқаруымыз керек», - деп қорытындылады Нығметов.  




Яндекс.Метрика