Жастарға үндеу

«Болашақтықтар» –бағдарламаның түлектері ғана емес, алдыңғы қатарлы жастар тобы – Ғ.Нығметов

«Болашақтықтар» – бағдарламаның түлектері ғана емес, сонымен қатар, алдыңғы қатарлы жастар тобы, деп ойлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Ғани Нығметов.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 13:12

«Болашақтықтар тек қана мемлекеттік бағдарламаның түлектері емес, сонымен қатар ел ішінде немесе шет елдерде сапалы білім алып шыққан алдыңғы қатарлы жастар легі. Олар «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырылуына да белгілі бір дәрежеде жауапкершілікке ие. Мемлекет басшысының аталмыш бағдарламаның мақсаты мен міндеттемесі ең алдымен озық ойлы, алға сүйреуші жастарға бағытталған. 2050 жылдары осы елдің иесі болатын қазіргі жастар сол кездері күшті мемлекеттің халқы болғылары келсе қазірден бастап еңбектенулері керек», - деді Ғ.Нығметов.

Оның айтуынша, «Болашақ» бағдарламасында қазіргі таңда инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдылық берілуде.

Сонымен қатар, Ғани Нығметов аталмыш бағдарлама бойынша грантқа ие болған еліміздің жастары Үздік-200-дікке кіретін алдыңғы қатарлы әлемдік ЖОО-да еркін білім алып жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысының жетекшілігімен жастарымыз еліміздің жаңа саяси бағытын жүзеге асыруда қозғаушы күшке айналып отыр. «Болашақ» бағдарламасы қолға алынған уақыт ішінде бұл бағдарламаның алдымен президенттік бастама екенін көрсетті. Бұл еліміздегі адам капиталының жақсаруына әсер еткен бірден бір сәтті жоба болып табылады. Бағдарлама есебінен мыңдаған жас қазақстандық шет елдерде сапалы білім алып, қазірде елімізде экономиканы қилы секторларында еңбектенуде», - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті. 

Оның айтуынша, бағдарламаның іске асқан уақытынан бері бағдарлама мемлекеттің алға қойған мақсаттарына қарай жұмыс істеп келеді.




Яндекс.Метрика