Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Қазақстандық парламентарии қазіргі әлемдегі ядролық қауіпсіздікке арналған конференция қатысады

29-қарашада Санкт-Петербургте Парламент Мәжілісі мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы «Қазіргі әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Парламентарилердің қарусыздану мен қара-жарақты таратпау үрдісіндегі рөлі» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырады. Бұл туралы бүгінгі брифингте ОКҚ Ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 13:08

«Конференцияға мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық парламентшілердің делегациясы да қатысады. Конференция жұмысына сонлай-ақ, Парламент Сенатының Спикері Қасым-Жомарт Тоқаев те қатысады. Талқыланатын басты тақырып – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарулануға қарсы бастамалары және, ең алдымен оның «АТОМ» жаһандық жобасы болмақ», - деді А.Әбибуллаев.

«Қазақстандық парламентшілер өздерінің шетелдік әріптестерімен бірлесіп ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі халықаралық парламенттік қауымдастықтың мүмкіндіктерін талқылап, қарусыздану мен ядролық қару-жарақты таратпау принциптерін тиімді жүзеге асыру жөніндегі нақты ұсыныстарды әзірлейді.

Форумға көптеген елдердің парламентшілері, ОБСЕ Парламенттік Ассамблеясының, Парламентаралық одақтың, Ядролық қарусыздану жөніндегі парламенттік бірлестіктің өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары, ядролық қауіпсіздік саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысады», - деп түйіндеді сөзін ОКҚ Ресми өкілі.

 

 




Яндекс.Метрика