Халықаралық интеграция

Қазақстан мен БАӘ мемлекеттік басқару саласында ынтымақтасуға ниетті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына жауапты сапармен ректор Али бен Сабаг аль-мерри бастаған Дубай қаласының Мухаммед бен Рашид шейх атындағы мемлекеттік басқару институтының делегациясы келді.
Астана қаласы 30 Мамыр, 20:03

Бұрын хабарланғандай, 2015-ші жылдың 7-8-ші қарашасында Академия делегациясының Біріккен Араб Әмірлігіне жұмыс сапары болып, оның аясында екі оқу орынының басшыларының кездесуі өткен еді. Сол кездегі кездесу барысында ынтымақтастық бағытындағы перспективалар мен меморандумға қол қою мүмкіндіктері талқыланған болатын, деп хабарлайды Академияның баспасөз қызметі.

Бүгінгі кездесу барысында Академия мен Дубай қаласының Мемлекеттік басқару институты арасында алда жоспарланған өзара іс-қимыл мен ынтьымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды:

– халықаралық қаржы орталығын дамыту мен SMART-қала  құру бірлескен оқу бағдарламасын дайындау;

– мемлекеттік басқару бойынша түрлі бағытта бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

– «Қос диплом» бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру;

– профессорлық-оқытушылық құрамның тәжірибе алмасуы.

Сонымен қатар, осы жылдың 31-ші мамырында Дубай қаласының Мухаммед бен Рашид шейх атындағы мемлекеттік басқару институтының ректоры Али бен Сабаг аль-мерридің дәрісі ұйымдастырылады.





Дерекнама

Яндекс.Метрика