EXPO-2017

«Астана ЭКСПО-2017» мен «Қазақтелеком» бірыңғай «Контакт-орталық» ұйымдастыруда

«Астана ЭКСПО-2017» мен «Қазақтелеком» ынтымақтастығы аясында бірыңғай «Контакт-орталық» ұйымдастыруда, деп хабарлайды ұлттық компаниядан.
Астана қаласы30 Мамыр , 18:54

Тәулік бойы операторлар Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарына ЭКСПО-2017 қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес беретін болады. Кеңестер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

Телефон арқылы байланыспен қоса Көрмеге келушілер сауалдары мобильдік қосымшалар, мессенджер мен әлеуметтік желілер, сондай-ақ Көрменің ресми сайты - expo2017astana.com арқылы қабылданады.

Астана ЭКСПО-2017 көпканалды, бірыңғай «Контакт-орталығын ашу» екі компаниялар арасындағы ынтымақтастық меморандумының нәтижесінде орын алды.

Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев қол қойды. 

«Қазақтелеком» АҚ байланыс қызметінің кең спектрімен қамтамасыз етуде отандық нарықта жетекші рөлге ие. Бүгінгі  келісімге қол қоюымыз өзара ынтымақтастықты нығайтып, ЭКСПО-2017 көрмесін жоғарғы деңгейде өткізілуіне бұдан да зор  сенімділік берері анық», - деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.   

Айта кету керек, көрмені өткізуге 10-нан аса ірі компания тартылып отыр. Олардың қатарында: NCOC, Shell, Эйр Астана, CISCO, Saint-Gobain, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Самрұқ Энерго» АҚ, «Қазпочта» АҚ және т.б. бар. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда. 




Яндекс.Метрика