Халықаралық интеграция

Б.Ізмұхамбетов пен К.Муттонен парламентаралық байланысты дамытуға ниет білдірді

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламентік Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Орталық және Шығыс Азиядағы ұйымның арнайы өкілі Кристин Муттоненмен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 30 Мамыр, 18:37

Тараптар өзара әрекеттестікті дамытудың бағыттарын талқылады. Бұл ретте Мәжілісте қайта құрылған ЕҚЫҰ ПА-пен әрекеттестік бойынша делегация құрамына маңызды міндеттер қойылады.

Б.Ізмұхамбетов пен К.Муттонен парламентаралық қатынастарды жетілдіру көпжақты қатынастарды тереңдету мен кеңейтуге қажетті шарт болып табылатындығын айтты.

Қазақстанның  ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының маңызды бөлігі болып табылатындығына назар аударған Кристин Муттонен біздің еліміздің елдер, ұлттар және түрлі топтар арасындағы диалогты орнатудағы ерекше рөлін атап өтті.

“Біздің ықпалдастығымызды жоғары бағалаймыз және оны жалғастыруға ниеттіміз. Қазақстан бұл бағытта өте жақсы жұмыс жасап жатыр және осы аймақтағы басқа мемлекеттерге үлгі бола алады”, - деді К.Муттонен.

Қазіргі заманның халықаралық қатерлері туралы сөз қозғаған Б.Ізмұхамбетов, К.Муттонен қатысқалы отырған Астана қаласында өтетін «Діндер ланкестікке қарсы» атты халықаралық конференциясының бұл қауіпке қарсы күш біріктіруге жағдай жасайтындығына сенім білдірді.

Кездесу барысында Астана қаласында «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мәселелері талқыланды. Парламент Төрағасы бұл шараға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын оған ыңғайлы нысанда қатысуға шақырды.

“Мен сіздерді көрменің тақырыбымен құттықтаймын. Парламенттік Ассамблея үшін бұл көрмеге қатысу өте маңызды деп санаймын”, - деді К.Муттонен.





Яндекс.Метрика