Парламент

Қазақстанда әскери қызметкерлерге тұрғын үй беру мәселесі қайта қаралуда

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша Мәжіліс комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, оның аясында әскери қызметкерлерге тұрғын үй беру мәселесі қайта қарастырылуда.
Астана қаласы30 Мамыр , 18:21

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланаған. Оның негізгі мақсаты қақтығыстар мен олқылықтарды шешу. Әскери қызметкерлерге тұрғын үй беру мәселесі жылда талқыға салынатын өзекті сұрақтың бірі және Қорғаныс министрілігінде әрдайым бақылауда тұрады»,-деді қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.

Заң жобасы аясында аналогия бойынша құқық қорғау арнайы мемлекеттік органдарымен жесір қалған әскери қызметкерлерді, әскери қызметті өту барысында қаза болғандарға тұрғын үй беру мәселесін қарау жоспарлануда.

«Тәжірибе жүзінде жесір әскери қызметкерлер, қызметтік міндеттерді орындау барысында немесе әскери қызмет уақытында қаза болған жағдайда, тегін қызметтік тұрғын үйін алу үшін сот органдарына жүгінуге тура келеді. Сіздердің назарларыңызға айта кетейін, жесір қалған әскери қызметкерлерге тегін тұрғын үй алу кезінде бірыңғай жағдай жасау ұсынылады, яғни егер әскери қызметкерлердің өлімі өзінің заңсыз іс-әрекеттері кезінде болғанда»,-деді ол.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуы бойынша, экономикада, елімізде және әлемде жағдайдың өзгеруіне дейін заң жобасы аясында жеке түзетулер қарастырылуда.

«Көбінесе, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын әскери қызметкерлерге осындай мүмкіндікті  беруді ұсынғанбыз.  Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес, көрсетілген өтемақы әскери қызметкерлерге төленеді, тек әскери қызметтен босатылғандарға төленбейді. Қабылданған түзетулер әскери қызметкерлердің, зейнеткерлердің тұрғын үй мәселесін шешер еді»,-деді ол.

Сонымен қатар, Талғат Мұхтаров жалпы кешендік, жүйелік амалға қарамастан, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі екінші заң жобасы бойынша қарастырылып жатқандығын айтып өтті.

«Мамандандырылған жалға алынатын тұрғын үй  құрылысы отандық құрылыс компанияларының есебінен алынатын болады және ол өз кезегінде аймақта жұмыс орындарын құрып, ҚО қызметтік тұрғын үйін қалыптастыратын болады»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика