Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: 2016 жылы 14 мың жұмыс орнының ашылуымен 120 жоба іске қосылады

2010-шы жылдан бастап жүзеге асқан индустрияландыру картасы бағдарламасының жобаларында осы күнге дейін 6,2 трлн. теңгенің өнімі шығарылған. Олардың ішінде 2016-шы жылдың 1-ші тоқсанында 446 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.2016 жылы 14 мың жұмыс орнының ашылуымен 120 жоба іске қосылады. Бұл туралы ҚР-ң инвестиция және даму министрлігінің эксклюзивті хабарламасын Strategy2050.kz АА жариялайды.
Астана қаласы30 Мамыр , 18:02

Бірінші бесжылдықтың қорытындылары

5 жылда өңдеу секторына 17,6 млрд. АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл оның алдындағы бес жылдықтан 3 есе артық.Индустриалды бағдарламаның жүзеге асырылуы экономиканы әртараптандырудың негізін қалады. Алғашқы бесжылдықтағы басты жетістік, бұл ең керекті заңнамалық базаны құру мүмкін болды. Оның алғашқы кезеңін жүзеге асыруда 50-ден астам заңға түзетулер енгізіліп, 3 жаңа заң дайындалды. Бұл «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «АЭА туралы», «Энергия тиімділік пен энергияны үнемдеу туралы» Заң жобалары.Бұдан бөлек, инфроқұрылым мәселелері шешілді: 4000 шақырым автомобиль жолдары салынды және жаңғыртылды. 1700 шақырым темір жол салынды. Бизнесті қолдауда арнайы бағдарламалар дайындалды.

Индустьриалды карта кәсіпорындарының басым бөлігі тұрақты жұмыс істеп жатыр. Олар 1 трлн. теңгенің өнімін экспорттап та үлгерді. Біздің кәсіпорындар Иран, Қытай, Ресей және алыс шетелдердің нарығына шығады. 2010-шы жылдан бастап жүзеге асқан индустрияландыру картасы бағдарламасының жобаларында осы күнге дейін 6,2 трлн. теңгенің өнімі шығарылған. Олардың ішінде 2016-шы жылдың 1-ші тоқсанында 446 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

2015 жыл – индустриаландырудың екінші жылдығы

2015 жылдан бастап индустриаландырудың екінші бесжылдығы басталды, ол 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИДМБ сабақтарының жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өнеркәсіпті үдемелі дамытуға бағытталған. Сонымен, екінші бесжылдықтың негізгі мақсаты өңдеу өнеркәсібін әртараптандыру ынталандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру болмақ.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер айқындалған: өңдеу өнеркәсібін алдын ала дамыту; басымдықты секторлардағы қосымша құнды және тиімділікті арттыру; шикізаттық емес экспортты арттыру; өнімді жұмыспен қамтуды сақтау; өңдеу өнеркәсібінің басымдықты секторларының технологиялылығына жаңа деңгей беру және инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы болашақ секторларының дамытуға арналған негіздер қалыптастыру; кәсіпкерлікті ынталандыру және өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті дамыту.

Нысандардың кідіруінің себебі  

Екінші бесжылдық бағдарламасы Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады және секторлардың шекті саны күштер мен ресурстарды шоғырландыру арқылы өңдеу өнеркәсібін дамыту, кластерлік әдіс пен салалық тиімді реттеудің өңірлік мамандандырылу болып табылады. 

ҮИИДМБ-2 бағдарламасын жүзеге асыру өнеркәсіпті дамыту және жалпы экономиканың басты көрсеткіштері бойынша айтарлықтай үдеріске жетуге мүмкіндік береді. Алға қойылған барлық міндеттерді орындау үшін жұмыскерлердің біліктілігін орта деңгейлегі мамандардың деңгейіне арттыру үшін жағдай жасау қажет. Сонымен, 2030 жылға қарай экономикадағы жұмыспен қамтудың жалпы құрылымында орта деңгейдегі мамандардың үлесі артып, біліктілігі төмен жұмысшылардың үлесі азаяды. Сарапшылардың болжамынша, 2030 жылға қарай экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 9,4 млн адамды құрайды, бұл 11% өсімге тең. Қазақстан экономикасындағы орта деңгейлі мамндардың саны 2030 жылға қарай 680 мың адамға дейін өседі.
ҮИИДМБ жүзеге асыру үшін 2015 жылы жалпы 200,7 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде 54,7 млрд теңге Республикалық бюджеттен және 146 млрд теңге – ҚР Ұлттық қорынан бөлінеді.

2016 жылға арналған индустриаландыру

Алғашқыда индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы жаһандық нарық  ресурстары мен макроөңірдің тығыз интеграциясын қамтитын әлеуетті жоба болатын. Алайда, ИИДМБ қабылдауында сыртқы базалық жағдайлар өзгеріп, өңдеу өнеркәсібі мен ұлттық экономикаға әсер етіп қоймайтын болмайды. Осы орайда Елбасының тапсырмасымен ИИДМБ өзектілендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Өзгертулер енгізіліп жатыр. Бағдарламаны Ұлт жоспары  «100 нақты қадам» бейімдеу жүргізілуде.

Бағдарламаға өзгерістер енгізу жаһандық қажеттіліктер мен Дүниежүзілік банктің ұсыныстары ескерілді. Биыл Индустриаландыру картасы аясында 14 мың жұмыс орынынң ашылуымен 120 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика