Инвестициялар

АХҚО әлем бойынша экономиканы дамыту әдісін қолдану алаңына айналады – инвестор

АХҚО әлем бойынша экономиканы дамыту әдісін қолдану алаңына айналады. Үкімет пен Ұлттық банктің АХҚО құру бойынша бірлескен шаралары бірқатар нақты стратегиялық бағыттарды қамтиды. Мен олардың бірнешеуі туралы айта кетемін, деді Астанадағы инвесторлар кеңесінде «ERG» менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.
Астана қаласы30 Мамыр , 19:12

Инвестор алдымен АХҚО алаңында хеджир құрылғыларын қолданумен биржалық сауданы ашу туралы айтты.

«Экспортшыларға өнімге бағаның түсуінен зиян келмейтіндей жағдайды қамтамасыз ету үшін аталмыш жүйенің құрылғанын қолдаймын. «Экспортты өндіру» тармағының басты негізі тұрақтылық болуы керек. Жаңа заңнамалық қлолайлы жағдай, салықтық және технологиялық жағдайлар хеджерлеу арқылы биржа саудасын ұйымдастыру», - деді Инвесторлар кеңесінде А.Машкевич.

Екінші мәселе ұзақмерзімді құрылғылар арқылы нарықты дамыту, яғни өнімде инвестицияны қолдану, үшінші – АХҚО алаңында қазақстандық метал биржасын құру.

А. Машкевичтің айтуынша, Қазақстан металдың әлемдік нарығында маңызды ойыншы болып табылады. Ел үлесіне әлемдік өндірістің 3-14 пайыздық үлесі тиесілі болып отыр. Ел феррохим өндіру бойынша әлемде екінші орында тұр. Биржалық емес тауардың феррохимін сату  - өңірлік  бағалық индекстерді қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл жүйе нарықтың феррохимге деген сұранысын арттырмайды. Бұл жағдайда  феррохим бағасын қалыптастыру өте өзекті бола түседі.

«АХҚО алаңында малайзиялық  биржаның үлгісімен қазақстандық металдар биржасын құру бұл істе шешуші бола алады. Сондай-ақ, жаңа алаңда  дәстүрлі биржалық металдар да сатылуы мүмкін», - деді инвестор.

А.Машкевич айтып өткендей, аталмыш шараларды жүзеге асыру  мен Үкімет пен Ұлттық банктің шаралары  елордаға инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіске Дубай үлгісі бойынша инвестициялық резиденттікті енгізген жөн болады. Көптеген қазақстандық, ресейлік, қытайлық инвесторлар  өздері бизнес жүргізбейтін және азаматтығын алмайтын елдерде резидент болып отыр. Boston Consulting Group зерттеуіне сәйкес, көрші Ресейде 180 мың долларлық миллионерлер тұрады. Олардың көбісі Қазақстанға келуі мүмкін», - деді ол.

«Мен жеке тұлғаларға арналған инвестициялық бағдарламаны қарауға ұсынамын», - деді ол.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика