Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

С.Картоев: «Әлем. XXI ғасыр» манифесті – жер бетінде ядросыз әлем құру бойынша іс-қимыл бағдарламасы

«Әлем. XXI ғасыр» манифесті – жер бетінде ядросыз әлем құру бойынша іс-қимыл бағдарламасы, сонымен қатар қоғамның милитаризациясын аурудан емдеп шығаратын дәрі-дәрмек, жаһандық милитаризация және ғаламдық қаражат шығыстары. Осындай ойымен «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев журналистермен бөлісті.
Астана қаласы30 Мамыр , 17:29

Айта кетейік, Ұлт көшбасшының кітапханасында «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев Мәдени және тәрбие жұмысы жөніндегі орталықтың мүшелері және «Кемел Ел» жастарды тәрбиелеумен кездесу өткізді.

«Әлем. XXI ғасыр» манифесті – жер бетінде ядросыз әлем құру бойынша іс-қимыл бағдарламасы. Бейбітшілікті ешбір соғыссыз, жанжалсыз, химиялық, биологиялық, ядролық қарусыз құру бойынша. Президент Н.Назарбаев өз сөзінде талай рет соғыста жеңімпаздардың болмайтындығын айтқан болатын»,-деді ол.

Жатсармен кездесу барысында Сұлтан Картоев Манифесттің негізгі жағдайларын айтып өтті, соынмен қатар ядросыз және бейбіт өмірді сақтап қалуда Елбасының қосқан үлестерін айтты.

«Президенттің бағдарламасы ядролық қаруды дамытпауға арналған. Ол бес кезеңнен тұрады: ядросыз аймақ, жанжалды бейбіт жолмен шешу, ядролық, химиялық, бактериялық қарудан бас тарту, жаһандық антиядролық қозғалыс құру»,-деді ол.

Кездесу ашық дискуссия форматында өткізілді. Құрметті қонақ Манифестке, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сала бойынша қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, Сұлтан Картоевтің қоғамдық қызметі жан-жақты және жемісті: Ол Семей қаласында шешен-ингуш этномәдени орталығын басқарады. Ол атақты кітаптар жазған, мысалы «21 ғасыр ядросыз қару» (2001ж.) және «Ядролық қарусыз Қазақстан жолы» (2015ж. ) кітаптары.




Дерекнама

Яндекс.Метрика