Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ ПА басшылығымен, Ұлыбритания, Литва және Швеция парламентарилерімен кездесті

ҚР Паралементі Сенатының Төрағасы Қасымжомарт Тоқаев «Діндер лаңкестікке қарсы» Халықаралық конференцияға келген делегациямен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
Астана қаласы 30 Мамыр, 17:14

Қ.Тоқаев Австрия Федеральді Парламенті Ұлттық кеңесінің депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-президенті Кристин Муттоненмен және ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Роберто Монтелломен, Латвия Республикасы Сеймасының Спикері орынбасары Инесе Либиня-Эгнеремен, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Парламент палатысының лорд мүшесі Мохаммед Ильтаф Шейхпен, Швеция Корольдігі Риксдаг депутаты Кент Харстедпен кездесті.

«Шетелдік қонақтар 31-ші мамыр күні өткелі отырған «Діндер лаңкестікке қарсы» конференциясының өзектілігі туралы айтты. Сонымен қатар олар, аталмыш форум лаңкестікпен және экстремизммен күресте жаһандық күшке айтарлықтай үлес қосатынын да атап өтті»,-делінген хабарламада.

Конференцияда тұңғыш рет парламентарилер мен әлемнің дін қайраткерлерінің бір алаңда бас қосатындығына ерекше назар аударылды.  

Қ.Тоқаев ауқымды институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары құрылғаны туралы ақпараттандырып, қонақтардың форум жұмысына қатысуға келгендері үшін өзінің ризашылығын білдірді. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика