EXPO-2017

Н.Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығына назар аударды

Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Мамыр , 17:02

Кездесуде А.Есімов Мемлекет басшысына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық, сондай-ақ оның мазмұндық тұрғыдан жабдықталуы жөнінде баяндады.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық  компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатқанын айтты. Қазіргі кезде 87 ел және 15 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растаған.

Көрме тақырыбын ашатын тақырыптық нысанның бірі «Үздік тәжірибелер аймағы» павильоны болмақ. Бұл аймақта қатысушылар энергетика саласындағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, технологияларды,  стратегиялар мен жобаларды ілгерілету тұрғысында пікір және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Президенті кейіннен Қазақстан павильонын Болашақтың музейінің негізі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін көрме контентінің сапалы болуы үшін халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығына назар аударды.

 




Яндекс.Метрика