Халықаралық интеграция

Қазғарыш пен БАӘ ғарыш агенттігі түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Астана қаласының Ұлттық ғарыш орталығында Біріккен Араб Әмірліктері Ғарыш агенттігінің делегациясының ресми сапары аясында ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті мен БАӘ ғарыш агенттігі арасында бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Астана қаласы30 Мамыр , 16:58

Қол қойылған құжат келесіні бекітті: қазақстандықтардың жағынан – Қазғарыш төрағасының м.а. Мейрбек Молдабеков, әмірлік жағынан БАӘ ғарыш агенттігінің төрағасы -Халифа Мухаммед Тани  ар-Румейси, деп Қазғарыш баспасөз қызметінде хабарлайды.

Айта кететін жайт, меморандумның мақсаты  - бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану,  ақпарат және тәжірибе алмасуға көтермелеу және ұйымдастыру, кадрларды алмасуға ықпал ету және т.б сала бойынша тараптар арасында ынтымақтастық негізін жасау.

Іс-сапар барысында БАӘ ғарыш агенттігінің делегациясы Қазақстанның ғарыш кәсіпорындарының нысандарын аралады: «НИЦ Ғарыш-Экология» РМК, «В.Г.Фесенков атындағы Астрофизикалық институт» ДТОО астрофизикалық обсерваториясы, «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» АҚ (Алматы қ.), «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ .




Яндекс.Метрика