Өңірлер

Жамбыл облысында 690 млн теңгенің йодталған тұз өндіретін зауыт іске қосылады

Жамбыл облысында йодталған тұз өндіретін зауыт іске қосылады. "Асыл Тұз" ЖШС-гі жылына 50 мың тонна ас тұзын өндіретін болады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл30 Мамыр , 19:31

Бұл  жоба өткен жылы Сарысу ауданында қолға алынған болатын. Жалпы құны - 690 млн теңгені құрайды.  Зауыт құрылысы үшін Жаңатас қаласында ұзақ мерзімге жалға 4 га жер көлемі бөлінді.

Бүгінде жобаны Қазақстан Республикасының 2015 - 2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізу бойынша тиісті құжаттар дайындалуда.

Сондай-ақ "Асыл Тұз" ЖШС-гі зауытқа арналған жабдықтарды сатып алуға екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен несие қаражаттарын тарту бойынша келіссөздер жүргізуде.

Қазіргі уақытта зауыттың құрылыс - монтаж жұмыстары аяқталды,  бұл жұмыстарға 20-дан астам адам қатысты. Кейін зауыт толық жұмыс қуатына қосылған кезде, тағы 75 адам жұмыспен қамтылмақ.

Зауыттың өнімі ішкі рынокке  және экспортқа бағытталған.

Өндірісті іске қосу осы жылдың екінші жарты жылдығына жоспарлануда.




Дерекнама

Яндекс.Метрика