Адамзаттық капитал

Жыл басынан бері ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелерімен аймақтарда 300-ден астам интерактивті сабақ өткізілді

2016 жыл ішінде ТЖК аймақтық бөлімшелерімен облыс бойынша 300-ден астам интерактивті сабақ өткізілді, олар 8 мыңнан астам оқушыны қамтыды, деп ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі руслан Иманқұлов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы30 Мамыр , 13:26

«Балалаға төтенше жағдай кезінде ұстанатын ережелер бойынша үлкен жұмыс жасалуда, көбінесе, айтатын болсам, «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы бар және оның 46-бабының 3-тармағында баларады азаматтық қорғау саласында мектепке дейінгі білім беру және жалпы орта білім беру мекемелерімен оқыту қарастырылған. Бүгінгі күні осы тапсырма ҚР БҒМ-мен бірге ойдағыдай іске асырылуда, республика бойынша мектептерде жас құтқарушылардың жасағы бар»,-деді Р.Иманқұлов.

ТЖК өкілі 2015 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап №63 мектеп-гимназиясының базасында қауіпсіздік кабинетінің ашылғандығын айтып өтті. Бұл  ТЖ бойынша Комитеттің, ҚР БҒМ және БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының біріккен жобасы. Кабинет өзінің тиімділігін дәлелдеді және басқа да қалаларда іске асырылатын болады.

«Жалпы, 2016 жыл ішінде ТЖК аумақтық бөлімшелерімен облыста 300-ден астам интерактивті сабақ өткізілді. Олар 8 мың оқушыны қамтыды»,-деді ол.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика