Адами капитал

Қазақстанда 2 млн оқушы профилактикалық қаралумен қамтылған – ДСӘДМ

Қазақстанда 2 млн оқушы профилактикалық қаралумен қамтылған. Бұл туралы ДСӘДМ медициналық қызмет департаменті директорының орынбасары Эльмира Ахметова ОКҚ-да мәлімдеді.
Астана қаласы30 Мамыр , 13:19

«18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін көрсетіледі. Заманауи технологиялар еніп, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілуде. 6 жастан 18 жасқа дейінгі бала мектеп қабырғасында жүріп, білім беруді ұйымдастыру аясында тәрбиеленді. Мектеп медицинасының негізгі мақсаты профилактика мен балаларды заманауи деңгейде сауықтыруға жағдай жасау», - деді Э.Ахметова.

Ол айтып өткендей, бүгінде профилактикалық қараумен 2 млн оқушы қамтылды, жыл сайын бірінші анықталған сырқат түрі әрбір үшінші жағдайда көрсетіледі.

«Диспансерлік тіркелімде 200 мың оқушы тұр. Медициналық қараудың қорытындысы бойынша  жазғы демалыс кезіндегі сауықтыру үрдісі бойынша балалар денсаулық топтарына жіктелді. Жеке сауықтыру жоспарына сәйкес, балалар мектеп жанындағы лагерлерде сауықтыруға ие болады», - деді Э.Ахметова.

Айтып өтілгендей, Қазақстанда 6 мың мектеп жанындағы лагерь, 300 қала сыртындағы лагерь және 51 профилактикалық санаторий бар.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика